Астанада журналистер марапатталды
Астанадағы Журналистер одағы филиалында Қазақстан Журналистер одағының 2024 жылғы жүлдегерлері мен жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Сонымен, Қазақстанның Құрметті журналисі атағын өмірінің көп бөлігін Қазақ радиосындағы қызметіне арнаған, журналистика саласының майталманы Әнапия Әмрина алды. Оған «Құрметті журналист» сертификаты мен арнайы төсбелгіні журналист, жазушы-публицист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Шархан Қазығұл табыс етті.
Қазақстан Журналистер одағының алтын медалімен автор ретінде қазақ журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосып, қазақстандық медиа саласының мүддесін ілгерілетуді жалғастырып келе жатқан Сенат депутаты, парламенттің жоғарғы палатасының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова марапатталды. Куәлік пен Алтын медальді сенаторға Қазақстанның Құрметті журналисі – Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи табыс етті.
Қазақстан Журналистер одағының 2024 жылғы байқауының жеңімпазы ретінде «Хабар 24» телеарнасының журналисі Мирлан Алтынбек пен «Ана тілі» газетінің журналисі Айзат Жолдасова танылды - лауреат дипломдарын оларға Одақтың Астана қаласындағы филиалынің төрағасы Әмір Қасенов табыс етті.
Байқау бағдарламасынан тыс «Ақ Жайық» (Атырау) газетінің Әбділда Мұқашев атындағы жүлдесін өзекті әлеуметтік тақырыптағы деректі фильмдердің авторы Ринат Балғабаев алды. Лауреаттың дипломын оған газет шығарушысы Жомарт Әмірханов табыс етті.
Сондай-ақ байқау бағдарламасынан тыс «Айтпа, Ботагөз» тelegram-арнасының авторы Ботагөз Омарова мен «Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры» интернет-басылымының жетекшісі Кирилл Павлов марапатталды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу