Астанада полицей қыз биіктен құлап көз жұмды

cover Фото: freepik.com

Астанада 26 жастағы полицей тұрғын үйдің 9-қабатының терезесінен құлап қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Әлеуметтік желідегілер марқұмның жергілікті полиция бөлімінде жұмыс істегенін жазды. 

«Мәйіттің табылғанына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 9-қабаттан құлаған. Мәліметтер анықталып жатыр», делінген полиция хабарламасында.

Қайғылы оқиға туралы басқа ақпарат жарияланбады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар