Астанада медициналық колледждегі аудиторияға қаза тапқан фельдшердің есімі беріледі
Фото: әлеуметтік желіден
Елордадағы Ұлдана Мырзуан оқыған медициналық колледждегі дәрісханаға оның есімін беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
«Ол оқыған медициналық колледждегі дәрісханаға оның есімін беруді жоспарлап отырмыз», — деді ведомство басшысы.
Әлназарова тергеу жұмыстарына да тоқталды.
«Бұл оқиғада құрылыс нормалары мен ережелеріне қатысты көп сұрақ бар, яғни құрылыс кезінде тиісті талаптар ескерілмеген деген күмән айтылып жатыр», — деді Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
18 қараша күні жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды