Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастаған тұрғын сотталды

cover Фото: pixabay.com

Соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғынының мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.

Прокурордың талабымен сотталған тұрғыннан 342,8 млн теңге сомасындағы қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар