Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
Фото: Әлеуметтік желіден
Астана қаласында ауданаралық сот лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған мектеп директоры мен бас есепшіге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар 2015 жылғы қазан айынан 2024 жылғы тамыз айына дейін олар жұмыс уақытын есепке алу табеліне іс жүзінде мектепте жұмыс істемеген алты еден жуушыны тіркеген. Қылмыстық ұйғарым нәтижесінде директор бухгалтермен бірлесіп шамамен 29 млн теңге көлемінде қаражат иемденіп, талан-таражға салған.
Сонымен қатар, осы кезеңде директор 501 оқушыға білім беру қызметі бойынша 183 млн теңге көлемінде жеңілдік беру туралы бұйрық шығарған. Мектеп жарғысына сәйкес, оқу ақылы түрде жүргізілгендіктен мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған.
«Бұдан бөлек, 2018 жылғы 1 қаңтар мен 2024 жылғы 31 мамыр аралығында директоры мен бас есепші мектеп жанынан дайындық сыныптарын ұйымдастырған. Осыған орай ата-аналардан бақылау-кассалық аппарат қолданбай, қолма-қол ақша қабылданған. Түскен қаражат мектептің есепшотына аударылмаған және бухгалтерлік есепте көрсетілмеген. Осылайша олар 305 млн теңге жасаған», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ сот 2021–2024 жылдары директор жазғы лагерь қызметі үшін ешқандай есепте көрсетілмеген 25 млн теңгені қалтаға басқан. Бұдан бөлек, 2017 жылғы қазан айынан 2024 жылғы мамыр айына дейін шетелдік мұғалімдердің жалақысын жасанды түрде өсіріп, делдалдар арқылы әрекет ету жолымен тағы 75 млн теңге иемденген.
Ал бас бухгалтер 2017–2024 жылдар аралығында жымқырылған бюджет қаражатын заңдастыру мақсатында шамамен 176 млн теңгені өзінің депозиттік шотына аударып, одан 9 млн теңге сыйақы алған.
Оқи отырыңыз:
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді
Жаңалықтар
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп
- Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді