Астанада 32 млрд теңгенің несиелік заң бұзушылықтары анықталды

cover Фото Orda.kz

Астанада жоғарғы аудиторлар палатасы жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қарыздарын басқару тиімділігіне аудит жүргізді. Тексеріс нәтижесінде 32,5 млрд теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы хабарлады.

Тексеру барысында бюджеттік несиелендіруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінің сапасыз әзірленгені, сондай-ақ олар бойынша қажетті сараптаманың жоқтығы анықталды.

Барлығы 160 процессуалдық бұзушылық және 12 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Тексеру нәтижесінде 32,3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар және тағы 1,5 миллиард теңге несиені тиімсіз пайдалану анықталды. Несиелік бағдарламаларды дұрыс жоспарламау салдарынан елорданың мемлекеттік органдары 50,3 млрд теңге жоғалтқан. Алдағы уақытта ықтимал шығын тағы 32,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Жалпы соңғы бес жылда жергілікті атқарушы органдардың жалпы қарызы екі жарым есеге өскені анықталды. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңге.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар