Астанада 26 жастағы қыз 15-қабаттан секірмек болды

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Астанада 15-қабаттан секірмек болған қызды ТЖД құтқарушылары аман алып қалды. Оқиға бүгін Астананың Байқоңыр ауданындағы Ш. Иманбаева көшесінде болған, деп хабарлайды Orda.kz.

«112» қызметіне 15-қабаттағы қоршау жиегінде адам тұрғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары шұғыл жетті. Батылдық танытқан құтқарушылар көрші пәтер арқылы жоғары көтеріліп, қызбен сөйлесіп, оны қауіпті қадамнан бас тартуға көндірген.

Сол сәтте басқа құтқарушылар тобы автобаспалдақ арқылы жоғары көтеріліп, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын тұрған.

Ақыры мамандар 1999 жылы туған қызды қоршау жиегінен түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар