Астанада 126 мыңнан астам оқушы орыс тілінде оқығысы келеді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада 310 мыңнан аса оқушының 126 195-і орыс тілді сыныпқа барады, деп хабарлайды Orda.kz.
Елорданың білім басқармасының ақпараты бойынша, 2025-2026 оқу жылында қалада 207 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Олар — 122 мемлекеттік, 78 жекеменшік және 7 республикалық мектептер. Бұл мектептерде 310 848 оқушы білім алады. Алайда қазақ сыныптарында 176 457 бала барса, орыс сыныбына — 126 195 бала барып білім алады.
Сонымен қатар, 35 білім ошағы мемлекеттік тілде, 1 мектеп толығымен орыс тілінде, ал 85 мектеп аралас түрде жұмыс істейді.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балаларын қазақ тілінде оқытқысы келетін ата-аналар санының өсіп жатқанын айтқан еді. Бірақ ведомство орыс тілінде оқытатын сыныптарды жабуға ниетті емес екенін мәлімдеді.
Сәуір айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп түлектерінің 80%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсыратынын, ал бірінші сынып оқушыларының 70%-дан астамы биыл мемлекеттік тілде оқуды бастайтынын атап өтті.
Айта кетейік, Ал Ресей мектептерінде қазақ тілінің жоғалу қаупі бар.
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты