Астана әуежайының қызметкерлері еңбек жағдайы мен жалақы деңгейіне наразы

cover Фото: Ашық дереккөзден

Астана әуежайы қызметкерлері еңбек жағдайы мен жалақы деңгейіне көңілі толмайды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Елорда халықаралық әуежайының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті.

Тұрғындар да еңбек жағдайының нашарлығына шағымданады. Олардың айтуынша, басшылық шара қолданып жатқанымен, жағдай оңалмай отыр.

Әуежай әкімшілігі сараптама жүргізуге уәде берді.

«Әуежай басшылығының, жер үсті қызметтері қызметкерлерінің және Астана қаласының авиациялық прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Қызметкерлер жалақыны көтеруді сұрады. Тараптар ортақ ымыраға келді», – деп жағдайға түсініктеме берді. 

Елорда әуежайы қызметкерлерінің басшылыққа талап қоюы бірінші рет емес. Бірнеше ай бұрын ұшақтарды тазалауға жауапты әйелдер ереуілге шықты. Қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етуді, ұшақтарды тазалауға қажетті шаңсорғыштар алуды және сыйақы төлеуді сұрады. Содан кейін оларға көлік прокуратурасына хабарласу ұсынылды. Кейін әкімшілік қызметкерлермен арадағы жанжал реттелді.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар