Асқар Мәмин өзінің Нығматулин мен Жақсыбековпен кездесуіне қатысты пікір білдірді

cover

Бұрынғы ҚР премьер-министрі Асқар Мәмин әлеуметтік желіде тарап кеткен Нұрлан Нығматулинмен және Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен суретке қатысты Нalyq Uni ақпарат агенттігіне пікір білдірді.

«Расында, өткен жексенбі – 4 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүріне сай «Сырға салу» рәсімі өтті. Кейбір БАҚ-та фотосуретке қатысты берілген ақпарат орынсыз әрі арандатушылық деп есептеймін» деді Асқар Мәмин.

Мәмин Қазақстан дамуының, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұрғанымызды атап өтті.

«Осыған байланысты мұндай шешуші кезеңде мемлекет басшысының айналасына жиналып, арандатушылар мен деструктивті ойлы адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеуіміз керек деп есептеймін» деді Асқар Мамин.

Еске салсақ, күні кеше желіде бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, бұрынғы мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин һмен және елорданың экс-әкімі Әділбек Жақсыбековпен мейрамханалардың бірінде кездесіп отырған сәті бейнеленген сурет тарап кеткен болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар