Әскердегі сарбаздардың қазасы: Бірнеше командир лауазымынан босатылды
Фото: Envato
Қазақстан Қорғаныс министрлігі осы жылдың басынан бері әскери қызметкерлердің қаза болуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, барлық фактілер бойынша нақты кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданды:
«Тәртіптік жауапкершілікке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командирі, штаб бастығы және тәрбие-идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасар тартылды. Әскери қызметкер қаза болған бөлімнің командирі, оның орынбасары және батальон командирі лауазымдарынан босатылды».
Сонымен қатар, осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жедел шаралар кешені қабылданды.
«Тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуына мен әскери тәртіпке бақылау күшейтілді. Қару қолдану, сабақтар, атыс және тапсырмаларды орындаудағы ережелерге қатаң талап қойылды», деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Сонымен қатар, әскери бөлімдерге әрбір әскери қызметкерді кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін комиссия жіберілді.
«Күндіз-түні бақылау жүргізіліп, құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алу үшін қосымша профилактикалық шаралар қабылданды. Әскери қызметкерлер мен туыстарының тұрақты бейнебайланысы жүйеленді. Сонымен қатар, бөлім командирлері де ата-аналармен тұрақты байланыста», деп атап өтті министрлік.
Айта кетейік, 27 қаңтарда Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты.
Жаңалықтар
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты