Ashyq мобильді қосымшасы енді мемлекеттік меншікте

cover Фото: gov.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Ashyq» жобасы мемлекет меншігіне өтті деп мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жоба мемлекет меншігіне өткендіктен, жаңа мобильді қосымша дайындалады.

– Бұл сервис жуырда мемлекеттің меншігіне берілді. Кеше осы қосымшаны жасаушы Виталий Пустовойтенкомен құжаттарға қол қойып, «ҰАТ» АҚ өз қарамағына алды. Дербес деректердің қауіпсіздігі үшін алаңдаудың қажеті жоқ - Ashyq-тың барлық серверлері «ҰАТ» АҚ-ның мемлекеттік сервер орталығының контурында қорғалған. Енді қосымша «ҰАТ» АҚ-ның жауапкершілігіне өткендіктен, egovMobile-да арнайы функционал әзірлеуге тапсырма бердім, - делінген министрдің Facebook парақшасында.

Қазіргі таңда Ashyq қосымшасын 1 млн адам жүктеп алған. Олар кәсіпкерлік нысандарда өз мәртебесін тексереді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар