«Ашық тергеу және өтемақы»: Әзірбайжан Ресейге ресми түрде талап қойды
Фото: Orda.kz
Әзірбайжан сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде Ресейге байланысты бірнеше мәлімдеме жариялады. Министрлік Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Әзірбайжанның жолаушылар ұшағына қатысты оқиғаға баса назар аударып, Ресейге ашық талап қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей мен Әзірбайжан қақтығысының себептері: Бакудің наразылығы Ресейде әзірбайжандық диаспора өкілдерінің қазасынан кейін күшейді. Әзірбайжан билігі Екатеринбургте ағайынды Сафаровтар қастандықпен өлтірілді деп есептейді. Осы оқиғадан соң Бакуде «Спутник — Әзірбайжан» қызметкерлері ұсталып, «ФСБ қызметкерлері» деп танылды. Бұған қоса, бірнеше ресейлік азамат есірткі саудасы мен кибералаяқтық үшін айыпталып, ұсталды. Тараған бейнематериалдарда ұсталғандарға күш қолданылғаны байқалады.
AZAL ұшағының апаты: Minval Politika порталы ресейлік капитанның түсініктемесін жариялады. Онда 2024 жылдың желтоқсанында Грозныйға дрондар шабуыл жасағанда капитанның әуе нысанын, яғни осы ұшақты жоюға бұйрық бергені жазылған. Бұл түсініктемені The Insider зерттеді.
2 шілдеде Ресейдің Әзірбайжандағы елшісі Михаил Евдокимов СІМ-ге шақырылды. Баку Мәскеуден әуе кеңістігіндегі шынайы оқиғаларды бұрмалауды тоқтатуды талап етті.
Әзербайжан СІМ-нің талаптары: Әзербайжан СІМ өз мәлімдемелерінде мынадай талаптарды қойды:
- AZAL ұшағы апатына байланысты толық әрі ашық тергеу жүргізу;
- Барлық объективті мән-жайды мойындау;
- Кінәлілерді жауапқа тарту;
- Зардап шеккендерге өтемақы төлеу;
- Баку бұл талаптар екі ел арасындағы шиеленісті азайтуға көмектеседі деп есептейді.
Сондай-ақ Әзірбайжан билігі «Спутник — Әзірбайжан» қызметкерлерін ұстау шаралары заң аясында жүргізілгенін атап өтті және Ресей БАҚ-тағы «этникалық қылмыстық топ» сияқты тұжырымдарды қатты басыну деп бағалады.
Сонымен қатар, Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түскен тұста Әзірбайжан билігі елдегі орыс тілді мектептерді біртіндеп жабу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, бұл апат өткен жылы 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алу үшін қаралы күн деп жариялады.
Жаңалықтар
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты