Әсери қызметшілердің жалақысы мен зейнетақысы өседі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы мен зейнетақысы артады – мәліметтерді премьер-министр жария етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Олжас Бектенов 27 қыркүйекте қабылданған қаулыға сәйкес, құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін жаңа еңбекақы жүйесіне көшу жоспарланғанын еске салды. Қаулыға сәйкес, 2025-2026 жылдары әскери қызметшілердің жалақылары кезең-кезеңмен орта есеппен 48,2%-ға өседі.
Қаулыға сәйкес, офицерлердің жалақысы шамамен 20,3%-ға, ал қатардағы және сержанттар құрамының жалақылары 33,9%-ға көтеріледі. Сонымен қатар, офицерлердің жалақылары шамамен 23%-ға, ал қатардағы және сержанттардікі 10%-ға өседі.
«Лауазымдық жалақының артуы әскери қызметшілерге тиесілі басқа да төлемдердің, соның ішінде мемлекеттік құпияларды сақтау, сауықтыруға арналған және көтерме жәрдемақылардың көбеюіне әкеледі, сондай-ақ зейнетке шыққанда қызмет өтіліне қарай тағайындалатын зейнетақы төлемдері де өседі» делінген депутаттық сауалға жауапта.
Зейнетке шығатын әскери қызметшілердің қызмет өтіліне байланысты төлемдері де қайта қаралып, қазіргі 50–65% орнына 60–75%-ға дейін арту мәселесі талқылануда. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтерге 50% төлемді өтеу, даладағы жұмыстарға қосымша төлемдер, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жылына бір рет теміржол көлігімен тегін демалысқа барып келуі және қоғамдық көлікте тегін жүру мәселелері де қарастырылып жатыр.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?