«Асад режимі құлағаннан кейін»: Сирияда тоқтаған халықаралық рейстер қайта ұша бастады

cover Фото: РФ президентінің баспасөз қызметі

Сирияда Асад режимі құлағаннан кейін тоқтап қалған халықаралық рейстер қайта жанданды, деп хабарлайды Orda.kz. 

2024 жылдың 8 желтоқсанында Сирияда 2011 жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыстың айтулы кезеңі болды. Соңғы 24 жыл бойы Сирияда билік жүргізген Башар Асад режимі құлады. Көтерілісшілер Дамаскті басып алды, Асад Ресейге қашып кетті. 

Бұл оқиға елдің сыртқы елдермен қарым-қатынасын қайта түзеуге септігін тигізді. 

Сирияның Syrian Air әуе компаниясы халықаралық алғашқы рейстерін ұшыра бастады. Жүзеге асырған алғашқы халықаралық рейс Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталды. Ұшақ Дамаскіден Шарж қаласына ұшты.

Бұл рейс Сирияның халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірудегі маңызды қадамдардың бірі болды. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар