«Арызды қайтар немесе өлесің»: Карина Мамаш күйеуінің туыстары қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын мәлімдеді

cover Фото: видеодан кадр

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш ұрып-соқты деп айыптаған жұбайы Карина Мамаш өзіне жан-жақты қысым көрсетіліп жатқанын айтты. 

Бұл туралы Карина Мамаш өзінің TikTok парақшасында жариялады. 

Каринаның айтуынша, оның әжесіне  әулеттің Гүлнәр есімді келіні телефон соғып,  немересінің «кеш болмай тұрғанда» арызын қайтарып алын ескерткен.  

Ол дәлірек телефонның ар жағынан мына сөздерді нақтылап айтты:

«Кеш болмай тұрып, Каринаның өтінішті қайтарып алған дұрыс. Әйтпесе, Сәкеннің (Карина Мамаштың күйеуі) Қазақстанда достары бар, олар оны не өлтіреді, немесе оған зақым келтіреді. Кеш болмай тұрғанда арызды қайтып алсын».

Бойжеткеннің айтуынша, дипломаттың туыстары алдымен кешірім сұраған, енді Каринаны қорқытумен әлек.

[media=https://vm.tiktok.com/ZMrenVaBj/]

Мамыр айында БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш күйеуінің зорлық-зомбылығы туралы айтты. Ол Қазақстанға оралып, дағдарыс орталығында тұра бастады.

Сыртқы істер министрлігі БАӘ-ден Сәкен Мамашты елге қайтарып алды. Ішкі істер министрлігі енді оның әйелін азаптады деп күдіктеніп отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар