«Арымды шүберекке айырбастамаймын»: Думан Мұхаммедкәрімнің түрмегі жағдайы
Фото: Orda.kz
22 шілдеде Алматы қаласында адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросында Думан Мұхаммедкәрімге қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Рысбек Сәрсенбайұлы Думан Мұхаммедкәрімнің хатын оқыды. Онда журналист өзінің қарсылығына қарамастан Қызылордадағы №60 түрмеге қалай ауыстырылғаны туралы, не себепті түрме киімін кимей отырғанын айтқан. Сонымен қатар заңгер Думанға лицензиясы жоқ эксперт экспертиза жасағанын айтты.
Orda.kz тілшісі баспасөз мәслихатына қатысып, істің мән-жайын анықтап қайтты.
«Тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» деген айыптар тағылған Думан Мұхаммедкәрім 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Адвокат Ғалым Нұрпейісов ол карцерден шыққан күні қайтадан карцерге қамалады дейді. Ол Думан Мұхаммедкәріммен 23-24 маусымда кездескен. Ғалым Нұрпейісов бұл жайлы былай деді:
«Мен бірнеше рет мекеме басшылығымен кездесіп, сөйлескенде ол: «Мен Думанды жалпы режимге кіргізе алмаймын. Өйткені ол кірсе, ана жерде шу болады...» деді. Думан айтты: «мен шыққанда бірден бес айға карцерге кіремін. Өйткені мен түрме киімін киюден бас тартамын» деді».
Ал отырған жеріндегі жағдайға келсек, адвокаттың айтуы бойынша сағат кешкі 22:00-де төсек жазылады. Таңғы 6:00-де қайта жинап тастайды екен. Бөлмеде жалғыз орындықтан басқа ештеңе жоқ.
Сонымен қатар заңгердің айтуы бойынша Думанға туған күніне деп салынған 20 000 теңгені «экстремистік ұйымды қаржыландырды» деп айыптап отыр дейді. Өткен баспасөзде де заңгер Думанның ісі бойынша лицензиясы жоқ эксперт экспертиза жасағандығын айтты.
Думан Мұхаммедкәрімнің түрмеден жазған хаты
2025 жылдың 27 маусымында Қызылордадағы №360 түзеу мекемесінде қамауда отырған қоғам белсендісі Думан Мұхаммедкәрім хат жазды. Хатында ол өзіне көрсеткен қысым жасалғанын, заңсыз көшіргендерін және түрмедегі моральдық-психологиялық жағдайы туралы егжей-тегжейіне дейін баяндаған.
Хатта Думан өзін Талдықорғаннан еш ескертусіз алып кетіп, Қызылордаға бағытталған пойызға салып жібергенін айтқан. Әскери күзет пен арнайы дайындалған автозак, қарулы қызметкерлер мен арсылдаған иттер... Оның сөзінше мұның бәрі белсендіні қорқытып, беймәлім бағытқа алып кету үшін жасалған қойылым іспеттес.
«Сол сәтте өзімді басқа бір әлемге түскендей сезіндім. Пойызда отырып, «Мен — саяси тұтқынмын, көмектесіңіздер» деген жазбаларымды әр бекетте лақтырып отырдым», — деді Думан.
Белсендінің айтуынша, оған қарсы қозғалған іс саяси сипатта екенін құқық қорғау органдарының өздері мойындайды. Түрме қызметкерлерінен бастап, прокурорлар мен ҚАЖД өкілдері де бұны ашық айтпаса да, былай растайды.
«Қай шенеунікпен сөйлессем де, барлығы менің ісімнің саяси екенін біледі және олар менен кешірім сұрағандай, астармен сөйлейді» деп жазды Думан хатында.
Роба кию — рухани берілудің белгісі
Думанның хатының басты тақырыбы — түрме киімін киюден бас тартуы жайлы. Кимегені үшін саяси тұтқын сегіз айдан бері карцерде (жазалау камерасында) отыр. Оның айтуынша, билік үшін бұл тек киім емес, оның рухани мойынсынуының белгісі.
«Оларға менің роба кигенім емес, менің «кінәмді» мойындағаным керек. Оппозицияны қаралап, билікті мақтасам ғана олар мені босатар еді. Бірақ мен арымды шүберекке айырбастамаймын», — деп жазады ол.
«Отан үшін отқа түсуге дайынмын»
Хат соңында Думан Мұхаммедкәрім өзінің ұстанымынан қайтпайтынын, ешқандай қорқыту, қамау немесе қысымның оны сындыра алмайтынын жазады.
«Түрмеде отырмын, бірақ қылмыскер емеспін. Менің жалғыз «қылмысым» — шындықты айтқаным. Ақиқат үшін отқа түсуге дайынмын. Алла алдында ақ болып барсам болды», — деді Думан.
Еске салар болсақ, белсенді, журналист, «Ne Deidi?» You Tube арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрімге «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деген айып тағылған. Қонаев қалалық соты оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырған. Журналистің соты жабық өткен. Ол істі ашық қарауды талап етіп, бірнеше рет аштық та жариялаған. Іске журналистің шетелде тұратын тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, экс-банкир Мұхтар Әбіләзовтан алған сұхбаты себеп болған. Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Думан Мұхаммедкәрім денсаулығы әбден нашарлаған соң, түрме басшылына қатаң ұстайтын орынға ауыстыруды сұрап, талап қойған еді. Хатта Думан Мұхаммедкәрім бүйрегі, бауыры, қуығы және белінің қатты ауыратыны және нашарлай бастағанын айтып, өзін қатаң ұстайтын, бірақ үй жағдайы бар камераға ауыстыруды сұрайды. Сонымен қатар ол карцер сияқты жерде жатқанын, түрме басшылығының айтқан себептері үшін ауруханаға барып ем-дом ала алмағанын да жазды.
Жаңалықтар
- Желіде «Орданың» бас редакторының қайтыс болғаны туралы жалған мәліметтер тарап жатыр
- Алты алашқа «Менің атым Қожа» фильмімен танылған Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті
- Баға басылсын, табыс тасысын: Тоқаев Үкіметтің «жүгенін» тартты
- Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан Gusto әкімшісі халықтан кешірім сұрады
- Украинадағы соғысқа қатысқан 700-ден астам Қазақстан азаматы сотталды
- Жолаушы қаза тапты: Lufthansa әуе кемесі Алматыға шұғыл қонды
- Прокуратура Оңтүстік Кореяның экс-президентін 10 жылға соттауды сұрады
- АҚШ-тағы жаппай депортация: Қазақстанның үш тумасы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді
- «Qarmet» зауытындағы 1,8 млрд теңге ұрлығы: Әнипа Назарбаеваның серіктесі қамауға алынды
- ЖИ министрлігінің кейбір өкілеттігі ҰҚК бақылауына өтті
- КХДР алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
- Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілді
- Түркістан облысында 14 жастағы оқушы 6 жасар қызды зорлап, 10 жылға сотталды
- Ресей Украинаға қатысты 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды қабылдамады
- Экс-судьяның өлімі: Күдіктілер Мәскеуде ұсталды
- Ажалы шойын қазаннан: 6 жастағы қызды анасымен қоса ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
- Парижде зергерлік бұйым таситын курьерлерге қарулы шабуыл жасалды
- 2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үй қамаққа алынды
- Зеленский бейбітшілік жоспарының 20 тармағын атады