Қарағанды университетінің жатаханасында студенттер бір-бірін пышақтады

cover

Қарағандыда ​​университеттің жатақханасында өзара төбелескен студенттер бір-бірін пышақтап тастаған.

Бөкетов атындағы университет жатақханасында студенттер өзара төбелесіп,  соңы пышақтасумен аяқталған. Кәмелетке толмаған екі жасөспірім медициналық мекемеге жатқызылды, ал шабуыл жасаған 17 жастағы жігіт ұсталды.

Бұл туралы  Orda.kz   Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің хабарламасына сүйеніп жазды.

— Қарағандыда 22 қазан күні шамамен 2 сағат 40 минутта Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінің жатақханасынан ауруханаға пышақ жарақатымен 17 және 18 жастағы екі студент түсті. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол араздық қарым-қатынас салдарынан өзіне пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қазіргі уақытта мән-жай анықталуда, - деп хабарлады  ​​облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар