Аптап ыстықтан 600-ден астам адам қаза тапты

cover

Пәкістанда аптап ыстықтан 600-ден астам адам қаза тапты.

Бұл туралы BBC хабарлайды.

Мәйітханалар толып, тағы бірнеше мың адам ауруханаларда жатыр.

Адам баласы шыдауы өте қиын қырық градустық рекордтық аптап қаланың кедей аудандарына ауыр тиіп жатыр. Көшеде жұмыс істейтін немесе тұратын адамдар сол жерде көз жұмып жатыр.

«Ауруханаға келгендердің көпшілігі 60-70 жас аралығындағылар. Бірақ кейбіреулері 45-ке таяп қалғандар,  жиырмадан асқандар да бар. Біз көмектескендердің көбі көшеде жұмыс істейтіндер. Біз оларға мүмкіндігінше су ішіп, жеңіл киінуге кеңес бердік, бұл жоғары температурада өте маңызды», - деді Карачи азаматтық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің басшысы Имран Сарвар Шейх.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар