Апат салдарынан Орал сусыз қалды

cover Фото: Уральская области

Апат салдарынан Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы сусыз қалды.

Бұл туралы «Уральская неделя»  хабарлады.

«Дәнекерлеу қосылысы жарылып қалды. Апат соншалықты күрделі емес, бірақ жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаладағы негізгі кәріздік сорғы станцияларының бірін өшіруге тура келді. Соның салдарынан қалаға су беруді шектеуге мәжбүр болдық»,-  деді «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Әнуар Әркенов.

Ол апаттың диаметрі 1000 мм болатын кәріз коллекторында болғанын түсіндірді.

«12 ақпан күні сағат 2.30-да қалаға су беріле бастады» делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар