Антикордың шамына тиген ақтаулық блогер бостандыққа шықты

cover Фото: Instagram/ azamat_sarsenbayev

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айыппен 20 күн абақтыда отырып шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Блогер бүгін, 17 маусым күні бостандыққа шықты. Бұл туралы өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол әлі де өзіне әділетсіз шешім шығарылғанын алға тартады. 

«Алда адвокаттармен бірге ойланып, талқылайтын көп мәселе бар. Бізді көп жұмыс күтіп тұр» деп жазды Азамат Сәрсенбаев. 

Блогер іске ертең кірісетінін, бүгінгі күнін отбасына арнайтынын да жазды.

Айта кетейік, 20 күн бұрын ақтаулық блогерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылды. Блогер сот шешімімен келіспеді. Ол сотқа апелляциялық шағым түсірмекші болған. Азамат Сәрсенбаев бассыздық болғанын, құқығы тапталғанын айтты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар