Антикор назары ғылым саласына түсті
Фото: shutterstock
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғылымды қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудағы көзбояушылық пен нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмағанына көз жеткізді. Сондай-ақ, зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына, ғылыми тағылымдамалар үшін грант беру жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қойылатын талаптардың төмендігіне байланысты жемқорлық тәуекелдерін анықтады.
Атап айтар болсақ, 11,5 млрд теңгеге 30 зерттеу анықталды, олар бойынша сараптама белгілі бір тұлғалардың мүддесі үшін ғана жүргізілгені белгілі болды.
Ғылыми жобаларды коммерцияландыру деген желеумен бюджет қаржысына қол сұққан. 2016 жылдан бері мемлекет бұған 32 млрд теңге жұмсаса, 145 жобаның 130-ы өз мақсатына жете алмаған.
Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты биогаз және биотыңайтқыштар өндіретін құрал-жабдықтар әзірлеуге 290 млн сұраған. Бұл ретте дайын аналогтары нарықта он есе арзан болып шықты. Сонымен қатар, ғылыми әзірлемелерді желеу етіп, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге деп қаржыландыру алған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы еліміздегі ірі құс фабрикаларының бірі қазақ дәмді тағамдар технологиясы мен рецептурасын әзірлеуге 300 миллион теңгеге жуық қаражат алған. Дегенмен, іс жүзінде барлық қаражат құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алуға жұмсалды.
«Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігіне 100-ден астам ұсыныс енгізілді. Атап айтар болсақ, жұмысты ұйымдастыру ережелері мен сараптау комиссиясы және оның мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті. Енді қызметкердің жалпы жұмыс өтілі 10 жыл, ал мамандығы бойынша кемінде 5 жыл болуы керек, бұрын 3 жыл болған» деп хабарлады Антикор.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?