Антарктида жасыл желекке бөленді: ғалымдар климаттың жылдам өзгеруін растады

cover Фото: Dan Charman

Эксетер және Хертфордшир университеттерінің британдық ғалымдары жаһандық жылыну жағдайында Антарктиданың қарқынды түрде жасыл желекке оранып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Nature Geoscience журналында жарияланған зерттеу нәтижелері 1986 жылдан 2021 жылға дейін Антарктика түбегіндегі өсімдік жамылғысының ауданы бір шаршы шақырымнан 12 шаршы шақырымға дейін ұлғайғанын көрсетті.

Сарапшылар соңғы бірнеше онжылдықта спутниктік мәліметтерді зерттеп, континенттің бұрын адам қоныстанбаған аймақтарында мүк өсімі басқанын анықтады. Эксетер университетінің докторы Томас Роланд бұл туралы арнайы мәлімдеді:

«Антарктида әлі де қар мен мұз жамылған, оның бетінің аз ғана бөлігінде өсімдіктер бар. Дегенмен, бұл шағын аумақтың өзі күрт көтеріліп,  тіпті ең шалғай аудандардың да климаттық өзгерістерге бейім екенін көрсететті».


Ғалымдардың пайымдауынша, Антарктидадағы өсімдіктердің одан әрі өсуі полярлық топырақты жақсартып, флораның басқа түрлерінің пайда болуына жағдай жасайды. Зерттеулер жалғасуда, ал қазіргі топ мұздан арылған ландшафттарда жаңа өсімдіктер қалай өсетінін және бұл процесс болашақта қалай дамуы мүмкін екенін зерттеп жатыр.

Осы жазда Антарктидадағы температура жоғары деңгейге жетті – +10 градусқа дейін бұл үдерісті одан әрі күшейтті.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар