«Анасын боқтады»: Ақнәрдің құрбысы оқиға болған күнді баяндап берді
Фото: Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына салған сұхбаттан үзінді
«7-қабаттан денесін лақтырып жіберді» деп танылған Ақнәр Гүлістанның жұмбақ өлімі бүкіл халыққа мәлім. Оқиғаға кінәлі деп танылған 2 құрбысының бірі Дидар Мұқият журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сұхбат барысында Дидар оқиғаның қалай болғанын өз нұсқасы бойынша айтып берді.
«2024 жылдың шілде айының 18-не Ақнәр өз маған хабарласып: «Раноның анасы қайтыс болды, көңіл айтып, шәй берейік» деді. Содан сол күні ресторанға барып, көңіл айтып, шәй бердік. Екінші күні Ақнәр өзі бізге хабарласып, қыздар болып өзіміз отырайық деп ұсыныс тастады. Ақнәр сол күні ішімдік ішкісі келді», – деді Дидар Мұқият.
Оның айтуынша, Ақнәр Дидарға хабарласып, ішімдікке тапсырыс бергізген. Кейін Рано мен Дидар келген соң, қыздар әңгімелесіп 4 сағат бойы тамақтанған. Ал ас басында ішімдік әлі ішілмеген.
– Сосын 01:05-те төр бөлмеге бардыңыздар. Әрі қарай не болды?
– Залға кірдік, отырдық, пиво іштік те ән қойып биледік. Үшеуіміз де жалпы пиво іштік.
– Ақнәр ішті ме? Қанша мөлшерде ішімдік ішті?
– Иә, 1-2 пиводай ішті.
– Демек қан құрамында спирт бар деген сөз ғой?
– Иә.

Дидар Ақнәрдің ішкенін өз көзімен көргенін мәлімдеді. Дидар өзінің сараптама нәтижесінде алкоголь тұтынғаны расталғанын айтты.
– Сіздер егер Ақнәрмен бірге қатар ішсеңіздер, сіздердің қан құрамдарыңызда спирт бар болса, неге Ақнәрде спирт жоқ?
– Түсінбедім. Мүмкін бізден аз ішкен шығар.
– Сіз өзіңіз 2 бөтелке ішті деп айтып отырсыз ғой.
– 3-еуіміз бір-бір бөтелкеден іштік, кейін 4-шісін бөліп іштік.
– Сарапшылар да экспертизаны жалған берсе, ол кісілер де жауапқа тартылады. Олар құжатпен танысқаны туралы қол қойған. Бұл қалай болғаны? Не сіз өтірік айтып отырсыз, не сарапшылар жалған сөйлеп отыр.
– Жоқ, нақты үшеуіміз іштік. Жалған емес.
Дидардың айтуынша, Ақнәр өзін-өзі ұрып, айғайлаған. Ақнәр оларға да жұдырық ала жүгірген. Кейін Ақнәр Раноның марқұм анасын боқтаған, содан соң намаз оқыған. Дидар Ақнәр туралы кең тараған бейнероликке түсініктеме берді. Әлеуметтік желіде Ақнәр туралы алғаш таралған бейнероликте бір көргенде құрбылары Ақнәрға жабылып, жәбір көрсетіп жатқандай көрінеді, ал Дидардың сөзінше, Ақнәр өзін өзі ұрғылап жатқан соң оның қолынан тас қылып ұстап алған және оны сабыр сақтауын өтінген.
Еске сала кетейік, 23 мамыр күні Ақнәрдің 2 құрбысының бірі Дидар Мұқияттың адвокаты Жандос Палманов БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Адвокат журналистерге тың ақпарат беріп, бейнероликтерді көрсетті. Ол Ақнәр терезеден секіргенде Дидардың әжетханада болғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр