Ана мен баланы қолдауға мемлекет 756 млрд қаражат бөлді
2021 жылы ана мен баланы қолдауға бюджеттен 756 млрд теңге бөлінді. 2020 жылы 100 млрд-қа аз бөлінген, яғни, 635,3 млрд теңге. 1 жыл ішінде қолдауға бөлінген қаражат мөлшері 19 пайызға артқан.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қазақстан ана мен баланы қалай қолдап жатқаны туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов баяндап берді.
Қазіргі таңда әлеуметтік төлемге 1,9 млн отбасы ілінген.
Жалпы әлеуметтік қолдау шаралары бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының 2 төлем түрі бар.
Әр балаға 110 846 теңгеден 183 771 теңгеге дейінгі аралықта біржолғы жәрдемақы беріледі.
2020 жылы 430,7 мың анаға 52,3 млрд теңге төленген, ал биыл 6 айда 24,6 млрд теңге берілген. Әлі 51 млрд теңге төленеді.
– Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төлеу қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 16 802 теңгеден 25 962 теңгеге дейін арттырыла отырып, баланың туу кезектілігіне байланысты төленеді. 2020 жылы бұл жәрдемақыны 120,9 мың адам жалпы сомасы 31,7 млрд теңгеге алды. 2021 жылға 26,2 млрд теңге қарастырылған, оның 6,8 млрд теңгесі төленді, - деді Ниязов.
Көпбалалы отбасыларға қандай қолдау көрсетіледі?
Айта кетсек, қазір Қазақстанда 458 мың көпбалалы отбасы бар.
4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы беріледі. 4 балаға 46 760 теңгеден, 16 балаға 186 688 теңгеге дейінгі аралықта жәрдемақы беріледі.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 458,9 мың отбасы 141 млрд теңге алып үлгерген.
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері неге дәмелене алады?
230,3 мың адамнан тұратын «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне 18 669 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Жыл басынан бері 25,8 млрд теңге төленді.
– Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен мүгедек бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері 48 023 теңге. Бүгінде ол 92 мың отбасына 27,2 млрд теңге сомасында төленді. Мүгедектігі бар бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олардың қатарынан аса мұқтаж адамдарға бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтың күтіміне байланысты жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 48 023 теңге болды. Бұл жәрдемақыны бүгінде 15 мыңнан астам отбасы 4,4 млрд теңге сомасына алды. Аталған төлем түрлері баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақыдан басқа жүзеге асырылатынын атап өткім келеді, - деді Асқар Ниязов.
Қазір бала тууды арттыру мәселесі Қазақстанда проблемалық аспект емес.
Асқар Ниязов
2020 жылы бала туу коэффициенті 3,13 болған, ал демографиялық өсімге 2,1 коэффицент жеткілікті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық