Алты компанияның салығын жеген Шымкент тұрғыны үш жылға сотталды
Жалған шот-фактуралар жазып, мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірген шымкент тұрғынына сот үкім шығарды.
ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласының тұрғыны алты компанияны тіркеген, бірақ олармен нақты жұмыс орындамай, қызмет көрсетпей жалған шот-фактуралар жазып берген. Осылайша ол мемлекеттен жалпы сомасы 443 миллион теңге болатын салықты жасырып үлгерген.
Соңында ер адамның қылмыстық әрекеттері әшкере болды. Оған қатысты тергеуді ҚМА облыстық департаменті жүргізді. Іс сотқа өтіп, шымкенттік үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталғанның мүлкі – 15 миллион теңгеден астам заңсыз табыс пен 50 миллион теңгеден астам жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне өткен.
2023 жылдың соңында Алматыда екінші деңгейлі банк шоттарынан ақшаны заңсыз иемденіп, коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен қылмыстық топ әшкереленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 5 миллиард теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазып үлгерген.
Жаңалықтар
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар