Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
Фото: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту қарқынын сынға алып, жұмыстарды жеделдетуді талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында қалалық энергетика торабын газға көшіру барысын тексерді. Ол ЖЭО-3-тегі жоба бойынша жұмыстың кешеуілдеуі жол берілмейтін жағдай екенін айтып, мердігерлерден ахуалды дереу түзетуді талап етті.
«Алматы қаласы тұншығып отыр, біз станцияларды газға көшірудеміз — бұл Президенттің тапсырмасы әрі халыққа берген уәдеміз. Бізде қателесуге ешқандай құқық жоқ!» — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
ЖЭО-2-де жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр, жаңа қазандықтар сәтті сынақтан өткен.
Ал ЖЭО-3-те жұмыс кестесінен қалып қойған, министр мұны мердігердің жұмысты әлсіз ұйымдастыруының салдары деп бағалады. Ол ресурстарды дереу жұмылдыруды, қажет болған жағдайда жұмысшылар санын арттыруды талап етіп, орындаушыларға жеке жауапкершілік жүктеді. Бақылауды күшейту мақсатында нысанда нақты уақыт режимінде бейнебақылау орнатылатын болды.
«Жұмыс қарқынын төмендетуге болмайды. Қажет болса — жұмысшы санын арттырыңыздар, бірақ артта қалушылыққа жол берілмейді. Мерзімдердің бұзылуына жол жоқ. Құрылыс барысын нақты уақыт режимінде бақылау үшін нысанға бейнебақылау орнатамыз. Міндет айқын — 31 желтоқсанға дейін станциялар толыққанды жұмыс істеуі керек!» — деп мәлімдеді министр.
Еске салсақ, былтыр маусым айында Қостанай облысындағы Арқалық қаласының жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін үкімет резервінен шамамен 250 миллион теңге бөлінді.
Тақырып аясында ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?