Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түсті

cover Фото: instagram/bakordamems

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түсті, деп хабарлайды Orda.kz.

Бауыржан Байбектің Жапонияда түскен суретін Bakordamems инстаграм парақшасы жарияланды.  Парақшада экс-әкімнің сакураның гүлдеуін көруге ұшып кеткені жазылған.

Бауыржан Байбек 2015 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. Ол 2013 жылдан 2015 жылға дейін және 2019 жылдан 2022 жылға дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Ол 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалардан кейін қоғамдық орындарда бой көрсетпейтін болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар