Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды

cover Фото: Айқын

17 жастағы Дана Қадырбек Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Венадағы штаб-пәтеріне шақырылып, жаңа жасыл технологиялар көрмесінде Қазақстанның атынан қатысуда, деп хабарлайды Orda.kz.      

Мектеп оқушысы зертханада наноматериалдарға негізделген құрылғы жасап шығарды. Бұл аппарат электр қуатын пайдаланбай-ақ ауадан суды автономды түрде өндіре алады.

Кездесу барысында Дана африкалық көшбасшылармен бірге Африканы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.

Бұған дейін, 2025 жылдың шілде айында Қадырбек Сеулде өткен өнертапқыштық бойынша халықаралық олимпиадада алтын медаль жеңіп алған болатын.

Қыркүйек айында Астанада «Халық сүйіктісі» номинациясының жеңімпазы атанып, желтоқсанда су ресурстары министрімен меморандумға қол қойды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар