Алматылық полицейлер боди-массаж салонына барды

cover

Боди-массаж салоны Алматы қаласындағы элиталық үйлердің бірінде орналасқан. Кеше кешкісін Алматы қаласы полиция қызметкерлері күдікті үйге тексеріс жүргізген болатын. Тексеру барысында элиталық үйлердің бірін жұмыс орнына айналдырған 13 жеңіл жүрісті қыз бен оларға жұмыс көлемін бөлетін әкімші қызметкер қолға түсті. Бұл рейд туралы Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтағанындай, дене массажымен айналысатын 13 қыздың екеуі Өзбекстаннан, қалғандары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облысы мен Шымкент қаласынан болып шықты. Ұсталғандардың тек біреуі ғана жергілікті тұрғын екен.

Тексеру кезінде белгілі болғандай зәулім үйде интимді бизнес үшін барлық жағдай жасалған. Клиенттердің өтініштері бойынша мұнда сауна да жасақталыпты. Құқық қорғау қызметкерлері барған кезде аталған үйде адамдар көп болған. Жезөкшелікпен айналысқан қыздар да, олардың клиенттері де дереу полиция бөліміне жеткізілді.

Алдымен оларды кез-келген заңсыз іс-әрекетке қатысы бар-жоғын арнайы жазбалардан тексереміз, содан кейін олардың әрқайсы  жауапкершілікке тартылады. Айтпақшы, зәулім үйдің иесі де анықталды. Ол жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жайларды берумен айналысып келген, - деді Алматы қалалық криминалды полиция басқармасының бастығы полковник Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ, осы түнде өткізілген жедел іс-шаралар барысында тағы 5 мекенжай анықталып, онда интимді қызмет көрсететін 14 әйел ұсталған. Олардың үшеуі Өзбекстаннан, біреуі Қырғызстаннан келген. Ендігі жерде тергеу тексеру жұмысына көші-қон қызметінің қызметкерлері да қатыстырылмақ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар