Алматыдан Анталияға ұшқан ұшақ мәжбүрлі түрде Ақтауға қонды

cover Фото: Envato

Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana компаниясының ұшағы мәжбүрлі түрде Ақтауға қонды, деп хабарлайды Orda.kz.

8 қаңтарда Алматы-Анталия бағыты бойынша КС915 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша сағат 08:35-те ұшып, сағат 12:36-да Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды.

Оған басты себеп отын жүйесінің қауіпсіздік клапанының дұрыс жұмыс істемеуі болды. Рейс Алматыдан қосалқы бөлшек жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарға сағат 09:20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қазір қонақ үйге орналастырылып жатыр. Анталиядағы жолаушыларға қатысты да осындай шаралар қабылданып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар