Алматыдағы су мәселесі: Досаев алматылықтарға уәде берді
Медеу ауданының жоғарғы бөлігінде тұратын алматылықтар 2023 жылдың соңына дейін жерасты су көздеріне қосылады. Ал Жетісу, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандары тұрғындарына су мәселесін келесі жылы ғана шешуге уәде беріліп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматының оңтүстік бөлігін жерасты су көздеріне қосу жобасы 25 желтоқсанға дейін аяқталады.
Досаев тау етегі тұрғындарын жазда таулы өзендерге тікелей тәуелділіктен арылту туралы бұйрық берді: қатты ыстық пен мұздықтардың қарқынды еруі нәтижесінде жергілікті сел және өзендердің булануы болды, бұл жаппай су тапшылығына әкеледі.
2022 жылы ұңғыма көлемінің 2,5 есе - 150-ден 60 м3-ге дейін азайып кеткен. Қазір шағын ауданда екі мыңнан астам тұрғын бар. Каменское үстірті орталық сумен және кәріз желісімен қамтылмаған.
Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин бүгінде «Каптаж» сорғы стансасы маңында үш ұңғыманың қайта жөндеуден өтіп жатқанын хабарлады. Бұл су көлемін екі есеге дерлік арттырады. Нәтижесінде су қоймалары құрылысы Каменское үстірті, Юбилейный, Көлсай және Мұзтау шағын аудандарының 20 мыңнан астам тұрғынын сумен қамтамасыз етеді.
«Сонымен қатар бүгінде жалпы ұзындығы 45,8 шақырым болатын жабдықтау және су бұру желілерін салу бойынша төрт жобалық жұмыстар жүргізілуде. Біз оларды 2024 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Оразалин.
Әкімдіктегілер 2025 жылдың соңына дейін сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуге уәде беріп отыр.
Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин хабарлағандай, 2024 жылы жалпы ұзындығы 170 шақырымнан асатын 12 су құбыры құрылысын аяқтау жоспарлануда.
«Бұл үшін 3,5 млрд теңге қарастырылған. Жетісу, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 50 мыңнан астам тұрғыны қамтылады. Алмалы, Әуезов, Медеу, Жетісу және Түрксіб аудандарындағы 278,8 шақырым су құбыры үшін және кәріз желілері құрылысына 3,1 млрд теңге қарастырылған», - деді ол.
Әмриннің айтуынша, 2024 жылы жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын 23 су құбыры және төрт электрмен жабдықтау нысанының ЖСҚ әзірлеу аяқталады.
«Біз қосымша сыйымдылықты қосып жатырмыз: жаңа цистерналар инженерлік желілердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Осы жазда болған су мәселесі қайталануы мүмкін. Қазіргі жоба аяқталған соң Талғар су құбырынан қосымша су тартамыз. Жазға дейін бітіреміз, әл-Фараби даңғылынан жоғары тұратындардың бәрі бірінші кезекте қамтылады, Медеу және Бостандық аудандарына қатысты айтсақ, суды аптап ыстық кездерде де беретін боламыз», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет жобасы 1,6 триллион теңгеден астам қаржыға құрылған, оның 68,4 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды