Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?

cover Фото: gov.kz

21 наурызда Алматы қаласының әл-Фараби даңғылында жаға ұстатар көлік апаты болған еді.  Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысты. Осы оқиғадан кейін Ішкі істер министрі департаменттегі біраз адамдарды орнынан босатты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиғадан кейінгі тергеу барысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде марқұм болғандардың отбасына қайғыра көңіл айта отырып, бірнеше полиция басшысы қызметінен босатылғанын хабарлады.

Қызметінен босатылған шенділер:

  • Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары;
  • Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы;
  • Алматы қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы;
«Менің тапсырмам бойынша Алматыға Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Әкімшілік полиция комитетінің және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент қызметкерлері жіберілді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Жауапкершіліктен ешкім қашып құтыла алмайды. Заң – бәрімізге ортақ», – деп сөзін қорытындылады Сәденов.

ІІМ көлік апатындағы құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлілер мен апатқа әсер етуі немесе оны жасырып қалғысы келген тұлғалардың барлығы тиісті жазасын алатынын да қосты.

Полиция қызметкерлерінің бұл іске қатысы бар-жоғын бірінші болып заңгер Әділетхан Молдахан айтты. Instagram-дағы стористе ол сол түні Zeekr және тағы бірнеше көлік Достық даңғылынан бастап жарыс ұйымдастырғанын көрсетті. Оның мәліметінше, көліктер әл-Фараби бойынша сағатына 250 км жылдамдықпен жүріп, қос тұтас жолды кесіп өтіп, жалған нөмірлерді пайдаланған.

Сондай-ақ, Молдахан арасында жоғары лауазымды полиция қызметкеріне тиесілі көлік болуы мүмкін екенін айтты. Алматы полиция департаменті бұл мәлімдемелер бойынша тексеру басталғанын хабарлады. Кейін бұған полиция қызметкерлерінің қатысы бары расталды.

Оқи отырыңыздар:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар