Алматыдағы Республика алаңы не үшін қоршалғаны белгілі болды

cover Фото: Orda.kz

Соңғы күндері Алматы қаласындағы Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан Республика алаңында қоршау пайда болды, әлеуметтік желіде Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Сматлаевтың жазуынша, алаңда ірі ағаштар, бұталар мен гүл егу арқылы ауқымды көгалдандыру, сондай-ақ автоматты суару жүйесін орнату, жарықтандыру мен көріктендіру құрылғыларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

«Алдағы уақытта жұмыстар Сәтбаев көшесі бойымен - Луганский көшесінен Байзақов көшесіне дейін жалғасады. Нәтижесінде аумақ жүргіншілер үшін қолайлы, жасыл әрі жайлы кеңістікке айналады» деп жазды Алмасхан Сматлаев. 

Бұған дейін Orda басылымы тақырыпты тереңінен қаузау үшін әкімдікке сауал жолдаған болатын. Алдағы уақытта бұл құрылыс туралы толығырақ ақпарат береміз.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар