Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үйінде жыныстық қызмет көрсеткен пәтер иелері анықталды

cover Фото: pinterest.com

Алматы қаласының прокуратурасы екі ай ішінде уәкілетті органдармен бірлесіп, «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тексеріс нәтижесінде 1000-ға жуық заң бұзушылық анықталды. Яғни, көші-қон заңнамасын бұзған 120-дан астам жағдай, 100-ге жуық бұзақылық фактілері және 114 заңсыз жалдау қызметі анықталды. Сондай-ақ, жыныстық қызмет көрсетілген, заңсыз ішімдік сатқан пәтерлер де табылды. 

«Прокуратураның, полиция және мемлекеттік органдардың ауқымды жұмысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға және мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған»,  деп хабарлады ведомство. 

Айта кетейік, Ақмола облысында науқасты алдап, 1,5 млн қаржыны қалтасына басқан дәрігер 2 жылға сотталды.
 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар