Алматыда жүргізуші рөлде келе жатып жүрегі ұстап қайтыс болды, салдарынан 5 көлік соқтығысты

cover Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда жеңіл автокөліктің жүргізушісі рөлде мызғып кетіп, салдарынан бірден бес көлік соқтығысты, деп хабарлайды Orda.kz.      

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби даңғылында болған.

1975 жылы туған BYD маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, денсаулығының күрт нашарлауына байланысты өзімен қатар бағытта келе жатқан бес көлікпен — Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen және Yutong маркалы автобуспен соқтығысқан.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адамға қозғалыс кезінде кенеттен өзін жайсыз сезінген. Болжамды диагноз — жүрек ұстамасы. Жүргізушінің қайтыс болғаны оқиға орнында анықталған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Еске салсақ,  25 қаңтар күні Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында қалалық автобустың жүргізушісі рейс кезінде, рөлде отырып қайтыс болған еді.

Оқи отырыңыз: 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар