Алматыда жыл соңына дейін қанша мектеп ашылады?

cover

Алматыда мектептердің белсенді құрылысы жүріп жатыр, деп қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Қалада мектеп құрылысы қарқын алды. Алатау, Наурызбай мен Түрксіб аудандарында 12 600 орынды 8 мемлекеттік мектеп бой көтеруде. Соның ішінде үш мектеп жыл соңында ашылады.

Сыйымдылығы 8 мыңнан асатын жұмыс істеп тұрған мектепке жапсарлай салынып жатқан 17 корпустың 3-уі оқу жылының басында ашылды. Жуырда тағы 6 ғимарат пайдалануға беріледі. Қалған 8-і биыл қараша айының соңына дейін бітеді, - деп жазды әкім.

Оның айтуынша, жаңа мектептердің құрылысына жеке инвесторлар да белсенді қатысуда.

Осылайша, жаңа оқу жылына қарай қалада 11 мектеп ашылды. Бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

БАқытжан Сағынтаев

Нәтижесінде, Алматы әкімі атап өткендей, 36 білім беру нысанының ашылуы мектептегі орын тапшылығын 23,3 мыңнан астам оқушыға азайтпақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс жалғасын тауып, мектеп құрылысы  жеделдетіледі.

Бақытжан Сағынтаев

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар