Алматыда жолаушы ұшақтың апаттық есігін ашып жіберді
Оқиға Шымкент-Алматы бағытындағы KS7106 рейсінде болған. Қонған соң бірден жолаушылардың бірі ұшақтың апаттық есігін ашып жіберді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
«2023 жылдың 23 желтоқсанында Шымкент-Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының KS7106 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да қонғаннан кейін жолаушы апаттық есікті ашып тастады. Дегенмен ұшақ тексеріліп, ұшуға рұқсат етілді» деп хабарлады мекеме.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның неден болғанын анықтап жатыр. Жолаушы полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
«Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі есіктерді өз бетінше ашып жіберген жолаушыға қатысты да, траппен қамтамасыз етуге жауапты әуежай қызметіне қатысты да тергеу жүргізеді» деп қосты Азаматтық авиация комитеті.
Жаңалықтар
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр