Алматыдағы жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысы тексерілуде

cover Литер

Тәртіп сақшылары мегаполис жедел жәрдемінің жұмысын тексереді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева комиссия бірқатар заң бұзушылықтарды анықтағанын айтты.

Бұл туралы Orda.kz Литерге сілтеме жасап хабарлады.

Онлайн-брифинг барысында журналист жалақының кешіктірілгені туралы хабарлаған медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша, сондай-ақ қара базарда жеке қорғаныс құралдарын сататын басшылыққа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр ма деп сұрады.

– Денсаулық сақтау басқармасы комиссиялық тексеру өткізді. Тексеріс жедел жәрдем станциясының кейбір қызметкерлерінің жұмысында бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Осы анықталған бұзушылықтардың барлығы сипатталып, құқық қорғау органдарына хабарланды, - деді Сұлтанғазиева.

Ол жедел жәрдем фельдшерлерінің шағымдарының болғанын растады. Барлық шағымдарды прокурор тексеріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар