Алматыдағы пәтерден есірткі зертханасы табылды

cover

Алматы тұрғыны көпқабатты үйден пәтер жалдап, синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ұйымдастырды. Полиция есірткі таратушының заңсыз бизнесін жауып, оны тергеу абақтысына қамады, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Полицияның мәліметінше, Алматының 27 жастағы тұрғыны өзінің тұрғылықты мекен-жайының маңынан пәтер жалдап, онда мефедрон өндірісін жолға қойған. Ол есірткі сатуды тыйым салынған затты көтерме және бөлшек саудада сату арқылы іске асырды.

— Жалдамалы пәтерде полиция қызметкерлері ұсталған адамнан мефедрон жасауға арналған компоненттер мен құрал-саймандарды тәркіледі. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың психобелсенді заттарға жататындығын растады. Күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ДП УҰИ-ға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар