Алматыдағы демалыс орнындағы атыс: 6 адам сотталды

cover

2020 жылы Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнында атыс болған. Іс бойынша сот басталды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Алматы облысының Іле аудандық сотында судья Еркен Сейітовтың басшылығымен сот талқылауы өтіп жатыр.

Айыпталушылар: Абзал Қаленов, Ерік Бақтыбаев, Никита Охотский, Азамат Расулов, Жарқын Жапелов және Олжас Байтұрғанов. Олар тергеу амалдары басталғаннан бері қамауда.

Іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Алты адамның кінәсі расталған жағдайда, олар 3-7 жыл аралығында бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Еске салсақ, 2020 жылғы 31 қазанда Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алған.

Бетперде киген 15-20 адам демалыс орнына келіп, мекеме иесімен сөзге келіп қалған. Кейін атыс орын алған. Олар оқиға орнынан қашып кеткен.

Негізгі күдіктілер тергеу кезінде Алматы қаласы мен Алматы, Қостанай облыстарында ұсталып, қамауға алынған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар