Алматыда троллейбустың тоқ сымынан өрт шықты

cover

«АлматыЭлектроТранс» тасымалдаушы компаниясының хабарлауынша, 12 сәуірде Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқан троллейбустың байланыс сымы үзіліп кеткен. Себебі троллейбусқа шамадан тыс тоқ келіп, қысқа тұйықталу болған. Тоқ беретін сым жерге құлаған кезде троллейбус төбесінен ұшқындаған от шыққан.

— Троллейбус жүргізушісі М.Мұсабаев нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Ол жолаушыларды жедел түсіріп, қауіпсіздік ережесіне сай — жана бастаған аумақты тез арада өрт сөндіргішпен өшірді. Зардап шеккендер жоқ, троллейбусқа техникалық жағынан зақым тимеді, - деп атап өтті компания.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар