Алматыда тектоникалық бұзылу аймағында жанармай құю станциясы салынбақ болды

cover Фото: Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі

Алматыда шенеуніктер автокөліктерге газ толтыру компрессорлық станцияларын салуға жер бөлген, бірақ, прокурорлар құжаттың заңсыздығын  анықтаған.

«Уәкілетті орган нормаларды бұза отырып, тектоникалық бұзылу аймағында орналасқан, астынан кәріз құбырлары өтетін бөлінбейтін учаскені мегаполистің автобус паркіне газ құю станциясына берді» деп түсіндірді прокуратурада.

Бұл техногендік төтенше жағдайлар қаупін тудырды.

Бұған дейін кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал жер телімі әкімдік балансына қайтарылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар