Алматыда сел ұстайтын бөгет құрылысына бөлінген қаржы ұрланды

cover Фото: gov.kz

Ақсай бассейніндегі сел ұстайтын бөгетті тексеру барысында ірі ұрлық анықталды. Нысан құрылысы бойынша мердігердің міндеттемелерін орындамауы салдарынан 30 мыңға жуық алматылықтардың өміріне қауіп төнді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Төтенше жағдайлар министрі Арынов «ҚазселденҚорғау» компаниясының басшылығына процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті материалдарды ҚМА-ға беру туралы мәселе қозғады» делінген хабарламада.

Қарау қорытындысы бойынша мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар