Алматыда Сәтпаев шыңына шығып, түсе алмай қалған екі қыз құтқарылды
Фото: Алматы ТЖД бейнесінің скриншоты
Екі туристің Сәтпаев шыңына шығамыз деп бастары бәлеге қалды. Олардың біреуі аяғын қайырып алғанымен қоймай, тау ауруы белгілерін сезінді. Алайда екеуін де құтқарушылар дер кезінде шыңнан түсіріп алды, деп хабарлайды Orda.kz.
ТЖД мәліметінше, қыздар 4300 метрден астам биіктікке көтеріліп алып өз беттерінше түсе алмаған.
Оларды іздеуге Алматы қаласы ТЖД құтқарушылар жасағы аттанды. Жағдайды байланыстың жоқтығы мен координаттың дәл еместігі қиындатып, құтқарушыларға тау бөктерін біртіндеп тексеруге тура келді.
«Бірнеше сағаттан кейін көзбен шолу байланысы арқылы олар табылды. Қыздар қуанғандарынан жылап жіберді. Бастысы оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», деп түсіндіріп өтті Алматы қаласы ТЖД.
Құтқарылған туристер. Фото: Алматы ТЖД
ТЖД қызметкерлері туристерді төменге түсіріп, туыстары күтіп тұрған эко-постқа жеткізді. Әрекет сәтті аяқталды.
Бір апта бұрын біз Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Үлкен Тұра шыңына шықпақшы болып Шымкенттен келген алты турист туралы жаздық. Әйелдердің бірі аяғын сындырып, топ өз бетінше түсе алмай тау басында қалды.
Еске салсақ, Каппадокияда шетелдік турист қыздың түріктердің туы тігілген тұғырға шығып, би билеген видеосы әлеуметтік желілерде таралып, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Турист қыз үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды