Алматыда мотоцикл айдаған адам жолдағы жұмысшыларды қағып, екі адам қаза тапты

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Алматыда мотоцикл мінген жүргізуші жолдағы жұмысшыларды қағып кетті: екі адам қаза тапты. Рысқұлов даңғылымен жүйткіген мотоцикл Mercedes көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Orda.kz.

Мотоцикл жол бойында тұрған үш жұмысшыны (екі ер адамды және бір әйелді) қағып кеткен.

«Оқиға орнында екі жаяу жүргінші (2 ер адам) көз жұмды. Әйел ауыр халде ауруханада жатыр. Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды»,  деп хабарлады Алматы полициясы.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар