Алматыда құны 700 миллион теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

cover

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.

Прокуратура талабы бойынша мәмілелер сот арқылы жарамсыз деп танылды, бірақ шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қадағалау органының мәліметінше, 2009 жылы Шығыс айналма жолының құрылысына байланысты мемлекет мұқтажы үшін Радлов көшесіндегі 13 жер телімі 1,2 млрд теңгеге сатып алынған. 2021 жылы 35 гектар жер телімінің бірі «СПК Алматы» АҚ-на «көпшілік іс-шараларды өткізуге арналған кешен салу үшін»  берілді. Алайда, прокуратура мәліметі бойынша, ауданы 3500 шаршы метр болатын ғимараттың орнына 22 шаршы метр техникалық бөлме тұрғызылған, сондай-ақ  32 млн.теңгенің жер телімі заңсыз жеке меншікке сатылған.

Сонымен бірге бұл жерде тағы бір коммерциялық нысан құрылысы жоспарланған, дегенмен бұл халыққа да,  қалаға да әлеуметтік маңызды пайда әкелмеген» деп атап өтті прокуратура.

Тағы бір жағдайда, дәл осы ауданда 2020 жылы міндетті аукцион өткізбей немесе ең жақсы ұсынысты таңдамай, жергілікті атқарушы орган басқа ЖШС-ға коммерциялық мақсатқа 37 сотық жер телімін бергенімен, жер әлі игерілмеген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Жоғарыда аталған мүліктің нарықтық құны 700 млн теңгеден асады» деп хабарлады қадағалау органы.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар