Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген

cover Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Алматыда кредиттік бюроларға қатысты схема әшкереленіп, олардың 2 млрд теңгеден астам шығын келтіргені мәлім болды, деп хабарлайды Orda.kz.    

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу деректеріне сәйкес, олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және пара алды деген күдікке ілінді.

Анықталғандай, 2020 жылы «Бірінші кредиттік бюроға» кірістің жоғары үлесін – 30% орнына 35%-ға дейін алуға мүмкіндік берген келісім жасалған. Бұл мемлекеттік оператордың табыстылығын төмендеткен.

Сонымен қатар, тергеу компанияға артықшылық берген құйтырқы жолды да анықтады. Мәселен оның сұраныстары жедел өңделген, ал «Мемлекеттік кредиттік бюро» үшін әдейі кідіріс жасап, кедергі келтірген. 

Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген. 2025 жылдың маусымында күдіктілер осы схеманы сақтап қалу үшін 75 мың доллар көлемінде пара бергені де әшкереленді.

Күдіктілер ұсталды. Сот санкциясымен олардың 1 млрд теңгеден астам қаражатқа бағаланатын мүлкі мен бағалы қағаздарына тыйым салынды.

Еске салсақ,  тіпті үш мың теңге үшін кей адамдар қалай өзін банкрот деп жариялаған. Ал шындығында оның нақты қарызы бір жарым миллион теңгеге жуықтайтыны белгілі болды. Негізінен барлық кредиторлар «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-на қарыз алушылардың қарыз мөлшері мен мерзімі туралы хабарлауға міндетті. 

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар