Алматыда көзі көрмейтін ер адамды ойын-сауық кешенінен қуып жіберді
Фото: pixabay
Алматы қаласында «Москва metropolitan» сауда ойын-сауық орталығында жанарынан айырылған келушін шығарып жіберуге байланысты оқиға болды. Қауіпсіздік қызметкерлері итпен жүрген жас жігіттен ғимаратты босатуды өтінген.
Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбадан орталық қызметкерлерінің қара көзілдірік киген келушімен сөйлесіп жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, күзетшілер жанарынан айырылған адамнан орталық аумағын босатуды талап еткен, бұл интернет пайдаланушыларының теріс реакциясын тудырды. Бейнежазбаға жазылған пікірлерде жүздеген адам сауда орталығы әкімшілігінің іс-әрекетіне наразылық білдірген.
Орталықтың әкімшілігі оқиға туралы өздерінің Instagram парақшасында түсініктеме беріп, бұл оқиға 22 тамызда шамамен 20:50-де болғанын хабарлады. Олардың айтуынша, иттің көмегімен жүрген келуші және еріп жүрген адам фуд-кортта тамақтанбақ болған, бірақ орталықтың басқа келушілері жануардың тамаққа жақындауына наразы болған.
«Күзетшілер дауыс көтермей, жағдайды сыпайы түрде түсіндіріп, басқа келушілерді, соның ішінде кішкентай балаларды, мазаламау үшін итті шығаруды өтінді. Біз иттің жанарынан айырылған адам үшін маңыздылығын түсінеміз, бірақ оның қасында әрдайым еріп жүрген адам болды», делінген әкімшілік мәлімдемесінде.
Сонымен қатар олар жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететінін атап өтті.
«Балалары бар келушілер тарапынан ит туралы шағымдарға байланысты біз жануарды шығаруды өтінуге мәжбүр болдық. Біздің барлық қонақтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығы - біздің басты басымдылығымыз», деп түсіндірді орталық.
Оқиға нәтижесінде күзет қызметкерлері келушілермен қарым-қатынас жасау нұсқаулығынан қосымша өтті.
Жаңалықтар
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті