Алматыда қонақ үйлердің бірі өртке оранды

cover Фото: ТМЖ

Алматыда Алатау ауданындағы қонақ үйде өрт шығып, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өрт қоңырау түскеннен кейін 45 минуттан соң ауыздықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

«Өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді» деп түсіндірді ТЖМ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар